Нарша Булгакбаев - Бақытты болудың жедел және қарапайым жолы стр 2.

Шрифт
Фон

Неліктен «бақыт этикасы» жұмыс істемейді?

Біз бұл туралы айтқан болатынынбыз, ақиқатында өмірдің қалай қарай ағып жатқанын болмыстан <әрекет етуге, әрекет етуден <иелік етуге. Бірақ, өкінішке орай, өз өмірін құру үшін, адамдардың көпшілігі қолданатын бақыт этикасы, әрекет етуден <иелік етуге, иелік етуден <болмысқа қарай ағады. Бақыт этикасы мынаған сендіреді (оның теориясы мынадай): егер сіз, бақытты адамдар сияқты әрекет етсеңіз, сіз бақытты адамдардағы бар нәрселерге ие боласыз, содан кейін ғана сіз бақытты бола аласыз. Бірақ бұл рас па?


Бұл планетаның басқа ұрпақтарына қарағанда, сіз және мен олардан да артық мүмкіншіліктерге иеміз. Біз қалаған нәрсемізді жасай алатын көбірек уақыт бар, қалағанымызға жұмсай алатын көбірек ақшамыз бар және біз технологиялық жағынан жетілгенбіз. Бұл планетаның тарихындағы кез келген өркениетке қарағанда бізде арман болмауы керек еді, бірақ неге олай болып жатқан жоқ? Айналаға қарап, бір байқап қойыңыз, біз рухани шын бақыт пен қанағаттанудан алыспыз. Ақиқат мынада, өмірдің ағысы осылай ағады: болу <әрекет ету <иелік ету.


Егер сіз бақытты болсаңыз, яғни ойыңызбен өзіңізді бақытты сезінсеңіз және сол бақытты іштен сыртқа қарай бағыттай алсаңыз сіз бақытты адамдар сияқты әрекет етесіз, содан кейін ғана сіз бақытты адамдардағы бар нәрселерге ие боласыз. Сонымен, ең бірінші, бақытты сіз өз миыңызда қалыптастырасыз, яғни БОЛ -асыз, содан кейін іс-әрекеттің нәтежиесінің арқасында шынайы өмірде бақытқа ие боласыз. Бұл өте қарапайым үш тізбектен тұратын «Бақыт Формуласы», бірақ «қандай» және «кім» боласыз ол сіздің жеке проблемаңыз, ол проблемаға сіз мені аралыстырмайсыз, алайда адамның болмыс деңгейін өзгерту, жақсарту, түзету үшін мен «Бақытты болуды үйреніңіз» кітаптар сериясын жаздым және осы кітаппен барлық кітаптардың қысқаша және қарапайым қорытындысын шығарғым келеді.


Будданың философиялық ғылым ретіндегі ең үлкен үлестерінің бірі шамадан тыс қалау, ішкі күйзеліс әкеледі деген ілімі болды. Бұл дегеніміз, егер сіз, шамадан тыс, сізде ЖОҚ нәрсені алғыңыз келсе немесе ЖОҚ нәрсеге қол жеткіңіз келсе және сіздегі БАР нәрселерді қабылдағыңыз келмесе, сіз зардап шегесіз. Бұл сіздің өміріңізде түк істемеу керек дегенді білдірмейді. Керісінше, біз мақсат қоя білетін, шығармашылыққа ұмтылған жаратылыспыз, себебі өмір сүру бұл шығармашылық процесс. Бірақ біздің өмірімізде қаншама бақытсыз адамдар бар, қанша әрекет етсе де, қанша дүние-мүлікке иелік етсе де. Себебі біз әрқашан бізде «ЖОҚ» нәрсені қалайтын сияқтымыз, сосын біз қалаған «ЖОҚ» нәрсеге қол жеткізгенде бәрі «Енді әрі қарай не істеймін?» әніндегідей болады. Біз зымырандарды ұшырдық, аспанды толық бағындырамыз деп ойладық, интернет пен роботтарды ойлап таптық, өмір жұмаққа айналады деп ойладық, бірақ содан кейін бәрібір әлі бір нәрсе жетіспейтіндей адамдардың бойында «көңіл толмаушылық» пайда болды. Ол артынан «көңіл тоймаушылық»  қа айналды.


Метафизикалық заңдылық: адамға әлі де бір нәрсе жетіспесе ол көңілсіз болады.


Будданың философиялық ілімі «қалауды» тастау және осылайша жеңілдеу және ішкі соғысты жою болды, осылайша олар адамға жедел әрі бақытты болудың қарапайым жолын ұсынып отыр. Бірақ бұны сіз қазіргі заманның адамдарына айтып көріңіз, олар бұл идеологиядан бірден бас тартып, қарсы болады.


Бұл идеология маңызды болғанымен, бұл толық салынып біткен жол емес. Сіз қабылдау керек маңызды фактілердің бірі қазір БАР екеніңізді қабылдау және сізде БАР нәрсенің бағасын білу. Сонда сізде жан тыныштығы пайда болады және сіз шын бақытты адамдар сияқты қуана аласыз.


Сіз нені күтсеңіз, ол сізді күтеді, сіз қайда барғыңыз келсе, ол сізге қарай барғысы келеді. Міне осы толық салынып біткен жол. Бірақ әлі де сапасыз.


Бұл кітаптың идеологиясы қазіргі БАР ыңызға қанағат етіп, сізде БАР нәрсені ғана қабылдап, өмір сүруді (шығармашылықты) тоқтату керек дегенді білдірмейді. Керісінше сіз қалағанның бәрі сіздің миыңызда (қазіргі болмыс деңгейіңізде) БАР дегенді білдіреді. Ми (болмыс) сізді бақытқа жеткізе алатын жалғыз меншігіңіз. Жаратылыс деңгейінде сіз өз миыңызбен қазірден бастап өзіңізді бақытты сезіне бастасаңыз болады, әрекет ету мен иелік ету ді екінші планға қойып. БОЛ, ІСТЕ, АЛ темасына қайта оралайық.

Ваша оценка очень важна

0
Шрифт
Фон

Помогите Вашим друзьям узнать о библиотеке

Скачать книгу

Если нет возможности читать онлайн, скачайте книгу файлом для электронной книжки и читайте офлайн.

fb2.zip txt txt.zip rtf.zip a4.pdf a6.pdf mobi.prc epub ios.epub fb3