Бұл өте маңызды: кез-келген кедергіні жеңуге мүмкіндік беретін күш біздің ішімізде екенін түсінген кезде, біз көмекке шақыруды тоқтатамыз. Ішкі «Мен» мен тыныш сөйлесе бастағанда (ішкі диалог), біз сол ақыл-ой күшінің (ментальды күш) ішкі ресурстарына (мидың азығы ақпарат) бейімделеміз. Бұл күштің құпиясы мінез-құлқымызды түсіну, біздің ойлау ресурстарымызды (оның қаншалықты құлдық санамен шектелгенін сезіну, шекарасын кеңейту) көбейту. Біз кез-келген нәрсені жасауға, өзіміз қалаған нәрсеге қол жеткізуге, мүмкіндік беретін күш, біздің ішімізде екенін түсіне бастаған кезде ғана, өмірлік сәттілік бізге келеді, бұл біздің өміріміздегі басты жетістігіміз!
Менің ойымша, ұлы адамдар, тарихта қалған адамдар, өздерінің ішінде үлкен күш бар екеніне сенді және сол күш арқылы барлық кедергілер мен қиындықтарды жеңе білді. Бұл күш кез-келген жағдайдан да, ішкі немесе сыртқы факторладан да мықты. Одан асып түсетін күш жоқ және олар оны қолдана білді және дүниенің жеңімпазы атанды. Менің ойымша, бұл ішкі күшке сенбейтіндер, тек сыртқы күштерге сенетіндер бұл дүниеде бірде-бір үлкен іс жасай алмайды, жануар сияқты келіп, жануар сияқты кетеді.
Мен бұған сенген адамдарды, достары мен туыстары мазақ еткеніне сенімдімін, бәлкім аздап жынды деп ойлаған шығар. Олар мұны бос әурешілік, ақымақтық деп санап, ал өздері әдеттегі, күнделікті өмірдегі диірмен тастарына қайта оралып, өлгенше дейін соны айналдырып, ақыры шаршап, сәтсіздік сезімімен дос болып өмір сүрді. Бірақ олар, өздері бұны сезсе де, білсе де ешкімге білдірген жоқ, өйткені бұл ішкі әлемнің проблемасы. Олардың ойынша осы күнделікті күйбең, мақсатсыз әрекет, жоспарсыз қозқалыс өздерінің ішкі мазасыздығын, уайымын, қорқынышын, жалпы күйзелісін босатады және жеңілдетеді деп санады. Сіз осы адамдардың бірі болғыңыз келе ме немесе ішкі күшіңізді тыңдайсыз ба? Бұл қорқыту емес, ескерту!
Санаңыздың шығармашылық күшін қолдана бастаңыз. Форсайт (көрегендік қабілет) Күшін қолданыңыз, пайдаланыңыз, өйткені сіздің ойлауыңыз бұл күшті (форсайт), жұмыс істетуге мәжбүр ететін жылдам ағын. Өзіңіздің ақыл-ой күштеріңізді әмбебап, бәрін сіз үшін жасап беретін бейсанамен байланыстырыңыз және сіз супер тұлғаға айналасыз. Тырысыңыз. Сіз өзіңіздің өміріңіздегі кез-келген проблеманы шешудің кілтін тапқаныңызды білетін боласыз. Қарапайым сөзбен айтқанда, бұл дегеніміз: егер сіз жасай аламын деп ойлауға жеткілікті көңіл бөлсеңіз, сіз ойлағанның бәрін жасай аласыз! Тағы да қайталауға рұқсат етіңіз: егер сіз жасай аламын деп ойлауға жеткілікті көңіл бөлсеңіз, сіз ойлағанның бәрін жасай аласыз. Кез-келген жағдайда сәттілік, жеңіс алдымен сіздің ойыңыздан басталады. Мақсат, шын өмірде орындалмай жатып, қиялында нақты, анық көре білу қабілеті барлық адамда бар, бірақ тек олардың оннан бірі ғана оны қолданады, пайдаланады, ал сіз сол қабілетті дамыта алсаңыз сіздің кез-келген мақсаттарыңыз орындалады және сіз оған оңай әрі жеңіл жете аласыз.
Жол саласыз ба әлде қабырғалар тұрғызасыз ба?
Сіз өзіңізді жол салушы немесе қабырға құрушы ретінде қарастырасыз ба? Біздің әрқайсымыз өмір бойы не жолдар саламыз не қабырғалар тұрғызамыз. Сіз өзіңізді қалай қабылдайсыз? Мен бір қысқа өлең таптым, онда бұл тақырыпты қарапайым және керемет түсіндіреді:
«Үлкен жолдарды Егемен Рим салған, Адамдарды байланыстыру үшін, Сонымен қатар қабырғалар тұрғызған, Ажыратып, бөліп, қорғау үшін, Ғасырлар бойы, адам құмарлығынан, Барлық қабырғалар құлады, Бірақ жолдар қалды.»
Сіз басқа адамдармен кездесіп, олармен ақыл-ой бөлісе алатын жолдар, қарым-қатынас жолдарын саласыз ба? Немесе сізді басқалардан бөлетін, ажырататын, қорғайтын ақылыңызда қабырғалар тұрғызасыз ба? Менің ойымша, қабырға құрылысына кететін барлық материалдар мен күш-жігер босқа шығын сияқты, бұның барлығы еңбек пен уақытты ысырап етеді, өйткені бұл қабырғалар бәрібір құлайды.
Ақиқат мынада, біз бүкіл адамзатпен рухани бірлікке ұмтылуы тиіс Жаратылыстармыз және басқа адамдардан бөліну, ажырау үшін салынған әлсіз қабырғалар ешқашан ұзақ тұрмайды. Бірақ жолдармен басқаша. Сізді адамдармен байланыстыратын жолдар саласыз ба? Дәл адам ағзасындағы екі жақты миға баратын артериялар сияқты, сіздің күнделікті іскерлік және рухани-әлеуметтік өміріңізге қажет. Сізде мұндай қарым-қатынас бар ма? Сіз адамдармен қаншалықты жиі сөйлесесіз? Менің айтарым рухани, отбасылық, туыстық байланыстар әдеттегі іскерлік байланыстардан жоғары.