Кітапта автор қылмыстық процестің әрбір жеке сатысы үшін экономикалық қылмыстардағы қорғаныстың жалпы ерекшеліктеріне тоқталып, экономикалық қылмыстарға қорғаушы ретінде де, жәбірленушінің өкілі ретінде де қатысудағы жеке тәжірибесін ұсынады. Адвокаттың алаяқтық, иемдену, жымқыру сияқты ұрлау нысандары туралы істер бойынша қорғау әдістемесі тұрғысынан ең күрделі көзқарасы ашылады. Салық қылмыстары бойынша автор өзінің кәсіби қызметіндегі нақты фактілерге сілтеме жасай отырып, қорғаудың тактикалық ерекшеліктерін ашу тараулардың бірін алады. Қасақана банкроттыққа, сондай-ақ осындай қылмыстық істер аясында мүдделерді қалай қорғауға болатынына да назар аударылған. Жеке бір тарау адвокаттың жәбірленушінің өкілі ретіндегі жұмысына және тәжірибеші адвокаттардың осы процедуралық мәртебеде қандай проблемаларға тап болатынына арналған.
Бірлескен автор адвокат Дүйсембеков Дархан Мейрамұлымен бірге нормативтік-құқықтық база ірікте алына отырып, ҚР ҚПК, ҚР ҚК нақты баптары мен ережелеріне, Қазақстан Республикасының заңдарына, ҚР Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларына, заңға тәуелді актілерге сілтемелер көрсетілді, бұл өз кезегінде осы басылымның маңызды артықшылығы болып табылады. Сонымен қатар адвокаттар нақты қылмыстық істер бойынша жасалған іс жүргізу құжаттарының үлгілері мысал ретінде келтірілді.
Экономикалық қылмыстық істер бойынша қорғаудың ерекшелігі
Алдымен, заң бойынша экономикалық қызмет саласындағы қылмыстық істер ҚР ҚК 8-тарауында, ал меншікке қарсы ҚР ҚК 6-тарауында айқындалғанынан бастайық. Осы қылмыс түрлерінің ішінде тәжірибеде жиі кездесетіндері -алаяқтық (ҚР ҚК 190-бабы), иемдену немесе ысырап ету (ҚР ҚК 189- бабы), іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, тауарлар тиеп-жөнелтілмей шот-фактура жазу бойынша іс-әрекеттер жасау (ҚР ҚК 216-бабы), қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және оған басшылық ету (ҚР ҚК 217- бабы), экономикалық контрабанда (ҚР ҚК 234-бабы), қасақана банкроттық (ҚР ҚК 238-бабы), ҚР ҚК 245) және басқа да қылмыс құрамдары. Қарастырылып отырған қылмыстық құқық бұзушылық түрінің қызмет мәні ең алдымен ақша, бағалы қағаздар, пластикалық карталар, сондай-ақ жылжымайтын мүлік болып табылады.
Алайда экономикалық қызмет саласындағы істер басқа негіздер бойынша да жіктелуі мүмкін. Мысалы, шаруашылық қызметтің салалық ерекшелігі бойынша өндірісте, қоғамдық тамақтандыру, сауда саласында және т.б. экономика саласында және меншікке қарсы қылмыс жасау әдістері зауыттарда, елді мекендерді абаттандыру кәсіпорындарында, фармацевтикалық компанияларда және т.б. ерекшеленуі мүмкін.
Бұдан әрі аталған істердің кейбіреулері мемлекеттік салада, ал басқалары экономиканың мемлекеттік емес секторы саласында жасалады деген негізде бөлінуі мүмкін. Мысалы, жымқыру әртүрлі секторларда жасалуы мүмкін. Егер зиянкес бюджеттік ұйымның басшысы болса, онда, әдетте, зиян тікелей мемлекетке келтіріледі, сол сияқты залал кәсіпкерге, жеке ұйымға келтірілген жымқыру істері де бар. Ал салық төлеуден жалтару тек мемлекеттік секторға зиянын тигізеді.
Жоғарыда айтылғандармен қатар рұқсат етілген экономикалық қызметке және тыйым салынған экономикалық қызметке қатысты істерді бөліп көрсетуге болады. Рұқсат етілген қызметке жалпы заңды негізде жүзеге асырылатын, яғни бұл кәсіпорындар ресми тіркелген, жұмыс істейтін, бірақ қылмыстық жолмен, мысалы, бюджетке салық төлеуден жалтаруға бағытталған кірістерді жасыру немесе азайту әрекеттерін жатқызуға болады. Немесе қолданыстағы кәсіпорында бас- тапқыда болмаған тауарларды жөнелту үшін шот-фактураларды жазып бере бастайды. Экономика саласындағы тыйым салынған қызметке, мысалы, экономикалық контрабанданы, жалған ақша жасауды, қаржылық (инвестициялық) пирамида құруды, яғни іс-әрекеттерге тыйым салынған және бастапқы заңды бизнестегі заңдылықтан ауытқу нысаны бола алмайтын әрекеттер жасалған жағдайды жатқызуға болады.
Экономика саласындағы құқық бұзушылықтар қылмыстық кодекстің әртүрлі құрамдарының белгілеріне жататынына қарамастан, олардың ортақ сипаттамалары бар. Әдетте, субъектілер экономика саласында қызмет ететін басқарушылық, өндірістік, коммерциялық және басқа ұйымдардың қызметкерлері болып табылады. Айыпталатын әрекеттер олардың функционалдық міндеттерін бұзуына байланысты жасалады.
Құқық қорғау органдары экономикалық қылмыстық істерді тергеу кезінде мыналарға назар аударады: нормативтік құқықтық актілердің қандай ережелері бұзылды, субъект қандай жарғылық және өзге ішкі құжаттар негізінде қызметті жүзеге асырды, ниеттің бар немесе жоқ екендігін дәлелдеу, залалдың мөлшері қандай, ол немен расталады, қатысушылар бар ма, олардың әрқайсысының рөлі, бухгалтерлік құжаттаманың болуы, ондағы бұрмаланулар, сондай-ақ өзге де мән-жайлар.