Дильманов Мурат - Адвокатпен сұхбат стр 5.

Шрифт
Фон

ДАНИЯЛ Неліктен «Үлкен»?

ТАЙЫР Себебі оның құрамында әдеттегіден көбірек қазылар алқа- сы болады. АҚШ штаттарының көпшілігінде олардың саны 23 адамға дейін барады.

ДАНИЯЛ Олар кәсіби заңгерлер ме?

ТАЙЫР Жоқ, қарапайым азаматтар. Оларды іріктеудің ерекше тәртібі бар, қазір оған терең үңілмей-ақ қояйын, бірақ ең маңызды кри- терийі бұл олардың іске деген көзқарасына әсер ететін факторлардың, яғни қамауға алынған адаммен байланысы, жеке сезімдері, оған деген нәсілдік, діни немесе жыныстық сияқты алалаушылықтарының болмауы.

ДАНИЯЛ Ал, қазылар алқасын шақырудың мақсаты қандай?

ТАЙЫР Ол бұл істі қарауға негіз бар ма, жоқ па дегенді шешеді? Дәлелдер жеткілікті ме, әлде жетікіліксіз бе? Прокурор оларға іс жүзінде бұл адамның осы қылмысты жасағанын, істі қарауға және оған салық төлеушілердің қаражатын жұмсауға негіз бар екенін дәлелдеуі керек. Барлығы дауыс береді, және олардың шешімдерінің негізінде не процесс басталады, не адам босатылады. Қазылар алқасының шешіміне кем де- генде 12 адам дауыс беруі керек.

ДАНИЯЛ Иә! Сондықтан да «Үлкен қазылар алқасының» құра- мында 23 адам!

ТАЙЫР Иә, абсолютті көпшілік болуы керек.

ДАНИЯЛ Ал, егер процесті бастауға негіз бар деп шешім қабыл- даса, онда күдікті түрмеге жіберіледі ме?

ТАЙЫР Жоқ, бізде осы күнге дейін бұлтартпау шарасы жиі таңда- лады. Ал, англосаксон елдерінде өте аз пайызы түрмеде қалады. Көбіне олар кепілдікпен босатылады немесе төреші айыпталушыға: «Сыпай- ылық танытып, сот процесіне осындай уақытта келіңіз!»  дейді. Ешқан- дай мәселе туындамайды, әлі қылмысқа кінәлі деп табылмағандықтан қамауға алудың қажеті жоқ. Оны асырауға және қорғауға мемлекет ақ- шасын жұмсаудың, және оны отбасын асырау мүмкіндігінен айырудың да қажеті жоқ.

ДАНИЯЛ Ал, егер кінәлі болып, сотқа дейін қашып кетсе ше?

ТАЙЫР Әрине, ондай жағдайлар да болып тұрады. Қашуды сирету немесе оны болдырмау үшін полиция және басқа да қызметтер қолда- нылады. Оның үстіне, кепіл де әдетте қандай да бір кепілдік ретінде қызмет етеді. Ал, егер ол бірден қашып кетеді деген қорқыныш болса, онда, әрине, оларды бостандықтарынан айырады.

ДАНИЯЛ Ал, одан кейін процес басталады

ТАЙЫР Ондағы ең маңыздысы тартыс. Қорғау тарапы мен айып- тау тарапы әділқазылар алдында бір-бірімен тартысқа түседі.

ДАНИЯЛ Кінә туралы шешімді сот емес, алқабилер шешеді ме?

ТАЙЫР Сіз ең маңыздысын түсіндіңіз. Алқабилер бір-бірімен жа- бық есік жағдайында кеңеседі, біздегідей судья ол жаққа кірмейді. Сөй- тіп, олар сотталушының кінәлі немесе кінәсіз екендігі туралы шешімді шығарады. Егер олардың үкімі «кінәсіз» болса, онда судья тек тиісті үкімді шығарады.

ДАНИЯЛ Ал, егер олар сотталушының кінәлі екендігі туралы шешім қабылдаса ше?

ТАЙЫР Онда, сол кезде судья нақты жазаны тағайындайды. Яғни, қазылар алқасы мен судьяның қызметі әртүрлі. Алқабилер бұл фак- тінің өзі болған-болмағанын талқылап, шешім қабылдайды. Судья заң мәселесін қарастырады, яғни заң бойынша осы факттен не шығатынын анықтайды?

ДАНИЯЛ Қарапайым тілмен айтқанда, ресми түрде қылмыскер деп танылған адамды қанша жыл немесе қанша айға қамау керектігін бе?

ТАЙЫР Міндетті түрде қамауға алу емес. Ол басқа жаза тағай- ындай алады қоғамдық жұмыстар немесе түрме мерзімінен жеңілірек басқа нәрсе. Бірақ судьяның ең маңызды мәселені, яғни «кінәлі-жа- зықсыз» дегенді шешкен кездегі пікірі, ештеңені білдірмейді. Ол тек қазылар алқасының заңды рәсімдерге сәйкес жұмыс істейтіндігіне көз жеткізуі керек.

ТУЫП-ӨСКЕН ӨЛКЕДЕ

ДАНИЯЛ Ал, бізде, Қазақстанда ше?

ТАЙЫР Біздің Қылмыстық іс жүргізу кодексі аралас түрге жа- тады. Неліктен аралас дейтін шығарсыз? Себебі бізде қылмыстық про- цестің екі кезеңі бар сотқа дейінгі тергеу және сот талқылауы. Бірінші саты сотқа дейінгі қарау инквизициялық элементтерге ие

ДАНИЯЛ Ал, керек болса!

ТАЙЫР Негізінде, бір-бірімізге айтқан барлық сұмдықтардан кейін де бұл сөзден қорқудың керегі жоқ. Бұл заң ғылымында қолданылатын термин ғана. Қазіргі кезде бұл азаптап жауап алу немесе мыстандар- ды аулау дегенді білдірмейді, бұл тек күдіктінің өзін-өзі қорғау қабілеті шектеулі болатын жағдай.

ДАНИЯЛ Ал, бұл да жаман ба?

ТАЙЫР Өзіңіз ойлап көріңіз мен қорғаушымын және клиентім екеуміз сотқа дейінгі тергеу барысындағы қылмыстық істің барлық мате- риалдарымен таныса алмаймыз. Адамды жауап алуға апара жатыр, алай- да тергеушіде қандай дәлелдер жиналғанын білмеймін. Өзімнің жұмыс жасау әдістерімді, оның күрделі сұрақтарына жауап беру тактикамды алдын ала ойластыра алмаймын.

ДАНИЯЛ Бірақ, осылайша тергеушіге қылмыскерден жауап алу оңайға түседі.

ТАЙЫР Келісемін, бірақ екінші жағынан, сіз жазықсыз адамды оның сөзінен ұстап, оған тұзақ құра аласыз. Немесе қылмысқа ішінара кінәлі адамды басқа біреудің кінәсінің бір бөлігін алуға көндіру.

ДАНИЯЛ Ия, бұл әділеттілікке жатпайды.

ТАЙЫР Тіпті, тергеуші қанша жерден әділ болса да, процесстің ашық өтпеуі күдіктіні қиын жағдайға душар етеді. Және бұл тек сотқа дейінгі тергеу кезінде ғана. Бірақ іс сотқа жеткенде, қорғаушы тарап қылмыстық істің барлық материалдарын алады, және, жалпы алғанда, өте нақты айыптаулардан қорғанып, бізге белгілі айыптау дәлелдеріне қарсы дәлелдер іздей аламыз.

ДАНИЯЛ Түсінікті. «Жас баланы» соққыға жығу емес, нағыз тар- тыс басталады.

ТАЙЫР Қалай болғанда да, бір ғана қақпаны көздейтін ойын емес. Бұл қылмыстық іс жүргізу формасы алдымен Францияда, Германияда дами бастады, кейіннен оны Ресей қабылдады. Ал, Қазақстан Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін аталмыш қылмыстық процедураны оның бар- лық кемшіліктерімен қоса алды. Біздің жүйеге қаншалықты сын көзбен қарасақта, өте маңызды сәтті мойындауымыз керек: Қазақстандағы қыл- мыстық процесс біртіндеп аралас типтен тартыс түріне ауысып келеді. Бізде сот бақылауының нысаны кеңейіп келеді, енді ол сотқа дейінгі тергеу барысында да пайда болды. Сотқа қорғаушы ретінде келіп: «Қыл- мыстық істі тергеу әдісі маған ұнамайды, тергеуші менің қорғаушымның құқығын бұзды. Дәлелдерді өз көзқарасымның пайдасына келтіремін. Төрешіден тергеушіге белгілі бір нормативтік процедураларды, тергеу әрекеттерін жүргізуді міндеттеуін сұраймын»  деп айта аламын.

ДАНИЯЛ Төреші әрқашан мұнымен келісе ме?

ТАЙЫР Әрине, жоқ. Алайда, осы принциптің өзі маңызды мен шешімге қарсы шыға аламын, екіншіден, соттың басталуына дейін төрешінің немесе прокурордың шешімдеріне шағымдана аламын. Бұл, сонымен қатар, оларды өз міндеттеріне мейлінше жауапкершілікпен қа- рауға мәжбүр етеді ең алдымен менің клиентімнің құқығын құрметте- уге. «Күдікті ретінде қалдыру» деген үкім нысанының бар екені жайлы айтқан болатынмын. Есімде, тергеуші болып жұмыс істеген кезімде, кінә дәлелденбегендіктен қылмыстық істі тоқтата алатын едім. Тіпті, қылмы- стық іс жүргізу кодексінде «Кінә дәлелденбегендіктен қылмыстық істі тоқтату» нормасы болған. Яғни, олар ештеңе дәлелдеген жоқ, ешкімді түрмеге отырғызбады, алайда олардың беделіне түскен дақ өмір бойына қалды. Қазір ондай жоқ.

ДАНИЯЛ Қазір қалай тұжырымдалады?

ТАЙЫР Қазір, егер дәлел болмаса, қылмыстық іс құрамының бол- мауына байланысты қылмыстық іс жабылады

ДАНИЯЛ Сонда, айырмашылығы неде?

ТАЙЫР «Ұсталмаған ұры емес»  деген мақалды білесіз бе?

ДАНИЯЛ Әрине.

ТАЙЫР Сонымен, бұрынғы тұжырымның мағынасы: ұры деп ой- лаймыз, бірақ, өкінішке орай, ұстай алмадық.

ДАНИЯЛ Ал, қазір: егер ұстай алмаса, онда ұры болып санал- майды ма?

ТАЙЫР Қазір дәлелдердің жоқтығы қылмыс құрамының болма- уымен пара-пар. Бұл біздің қылмыстық процестің біртіндеп тартыс сипа- тына ауысуының мысалы. Әрине, адам құқықтарын толықтай қорғайтын қылмыстық процесстен әлі де алыспыз.

Ваша оценка очень важна

0
Шрифт
Фон

Помогите Вашим друзьям узнать о библиотеке

Скачать книгу

Если нет возможности читать онлайн, скачайте книгу файлом для электронной книжки и читайте офлайн.

fb2.zip txt txt.zip rtf.zip a4.pdf a6.pdf mobi.prc epub ios.epub fb3