ДАНИЯЛ Ал егер, бір адам бірнеше ұрлық жасаса, тергеу әрекет- терінің ерекшеліктері бола ма?
ТАЙЫР Егер қастық ойлаушы адам ұрлықтар сериясын жасады деген күдік туындаса, онда олардың әрқайсысы жеке эпизод болып та- былады. Олар бір ғана ниетпен қамтылмайды, сондықтан да, әрқайсысы жоғарыда сипатталған схема бойынша жеке эпизод ретінде қарастыры- лады және қайталанған қылмыс болып саналады.
ДАНИЯЛ Ал, қарақшылық пен тонауды тергеудің ерекшелігі неде?
ТАЙЫР Өзіңіз білетіндей, мысалы, пәтер тонау үшін қылмы- скерге сіздің қатысуыңыз мүлдем қа- жет емес.
ДАНИЯЛ Ия, әрине, ол керісін- ше, осы сәтте менің жоқтығымды, бір жерге барып, оның, былайша айтқанда, «сүйікті» кәсібіне араласпағанымды жөн көреді деп ойлаймын.
ТАЙЫР Егер қалта ұрлығы ту- ралы айтатын болсақ, әсіресе сәт- ті болған, қылмыскердің әрекетін байқамай қалуыңыз мүмкін ол бұл үшін қолынан келгеннің бәрін жа- сауға тырысады Былайша айтқанда, сізді қажетсіз мазаламау үшін
ДАНИЯЛ Қандай сыпайылық десеңізші!
ТАЙЫР Мысқылыңызды түсініп отырмын, бірақ бәрі де осылай. Негізінде, тонау немесе қарақшылық кезінде қылмыскер сыпайы бол- майды. Ол сіздің мүлкіңізді иемдену үшін физикалық күш, тіпті қару-жа- рақ қолданып, тек материалдық ғана емес, сонымен қатар физикалық зиян келтіруі мүмкін.
ДАНИЯЛ Сондықтан да, бұл қылмыстар ұрлықпен салыстырғанда ауыр деп саналады ма?
ТАЙЫР Алайда, бұл жерде тергеудің кейбір артықшылықтары бар. Негізінде, тонау немесе қарақшылық кезінде, әдетте, жәбірленуші шабуылдаушыны көреді
ДАНИЯЛ Бұл дегеніміз, ол оны танып, анықтай алады деген сөз бе?
ТАЙЫР Иә! Трасология нәтижелеріне жәбірленушінің тікелей идентификациясы сияқты маңызды фактор қосылуы мүмкін. Әрине, тану да, одан кейінгі көзбе-көз кездесу де олардың нәтижелеріне кейін дау айтуға болмайтындай заңды тәртіпке сәйкес жүзеге асырылуы керек.
ДАНИЯЛ Жалпы, менің түсінуімше, мұндай жағдайларда да сотқа дейінгі тергеу оңай емес.
ТАЙЫР Менің сөзме сеніңіз, бұл нағыз өнер!
ДАНИЯЛ Ал сол «өнертанушылар» неге ерекше назар аударулары керек?
ТАЙЫР Егер «өнертанушылар» деп тек тергеушілерді ғана емес, қорғаушыларды да айтып отырсаңыз демек, дәлелдемелерге (айғақтарға)!
АЙҒАҚТАР: КЕРЕМЕТ ӨЗГЕРІСТЕР
ДАНИЯЛ Неліктен айғақтарды мұқият құжаттандыру маңызды? Оларды алмастырулары мүмкін бе? Кім және қандай мақсатпен?
ТАЙЫР- Дәлелдерді кім және не үшін алмастырады дегенге сіздің де, менің де өз болжамдарымыз бар. Бірақ, оларды жай шатастырып алулары мүмкін екенін де мойындаймын. Немесе шығарып алу кезінде қате сипаттаулары және рәсімдеулері мүмкін. Алайда, егер олар алмасты- рылса немесе шатастырылса, бұл жазықсыз адамның сотталуына әкеліп соғады, ал дұрыс емес сипаттама күмән тудырады. Тергеуші қылмысты ашқан күннің өзінде де, «дұрыс емес» дәлелдемелердің пайда болуы, егер айыпталушының жақсы интуициясы бар қорғаушысы болса, бұл істің бұзылуына алып келеді.
ДАНИЯЛ Мысалы?
ТАЙЫР Айталық, айғақтардың ішінде 5 мың доллар пара беру мақсатында біреуге берілген конверт пайда болды. Актте конверттің мөр- ленгендігі туралы айтылған, ал тінту кезінде түсірілген бейнежазбада біз конверттің жабылмағанын көреміз. Бейне жазба мен хаттама арасында сәйкессіздік бар. Ал енді, мұнда қандай болжамдар жасауға болады?
ДАНИЯЛ Кез келген болжам. Ақша көп болды, аз болды немесе мүлде ақша болмады, конвертті марсиандықтар тастап кетті
ТАЙЫР Кез келген жағдайда, мұндай сәйкессіздік орынды күмән тудырады. Міне, Сіз үшін бұдан да керемет мысал: менде күдікті бір жарым жыл түрмеде отырған қылмыстық іс болды. Басты айғақ оның айтуы бойынша, оған ешқандай қатысы жоқ кәсіпорындардың мөрлері. Алайда, пакеттегі бұл мөрлер оның кеңсесінен табылған. Сонымен, кли- ентімді тінту кезінде жүргізілген уақытта дәл сондай тінту басқа жерде де жүргізілген бейнежазбаны алдық. Онда да тінту жүргізілген және бейнежазбада біреу бұл пакетті алып жатқандығы анық көрінеді. Күт- пеген жерден бірнеше минуттан кейін ол қандай-да бір ғажайып түрде менің клиентімнің кеңсесінен табылады, мен айтып өткендей, табылған мөрлер негізгі дәлел ретінде алынған!
ДАНИЯЛ Телекинез болған болуы керек!
ТАЙЫР Оларда не болғанын білмеймін! Алайда, бұл керемет фо- кустар сыртқа шыққан кезде не болғанын білемін. Өкінішке орай, бізде іс жүзінде ешқандай ақтау үкімі болмағандықтан, іс қосымша тергеуге қайтарылды және сол жерде ол толықтай «көмілді».
ДАНИЯЛ Ең маңыздысы, адам бостандыққа шықты!
ҒАЖАЙЫП ӨЗГЕРІСТЕР ЖАЛҒАСУДА:
ТҮСІНДЕ ЖӘНЕ ӨҢІНДЕ
ДАНИЯЛ Қорғаушының ішкі түйсігі болады деп, не туралы ай- тқыңыз келді?
ТАЙЫР Айтпақшы, мен қорғаушыларға ғана тән ерекше түйсік бар деп айтпадым ба? Түйсік кез келген адамның психикасына тән қасиет. Алайда, әрине, әр мамандықтың адамдары үшін бұл белгілі бір формаға ие болады.
ДАНИЯЛ Сонымен, қорғаушыларда қандай формада болады?
ТАЙЫР Енді, тыңдаңыз. Он бес жыл бұрын контрабанда бойынша қылмыстық іс тергелді. Ол кезде, өзімнің тәлімгерім деп санайтын кере- мет маман, Иван Иванович Кравцовпен бірге жұмыс істедік. Іс бойын- ша бір топ адам тартылды. Біреулері Түркиядан зергерлік бұйымдарды әкелсе, басқалары оны «жауып» отырған. Өте қиын іс болды. Шенеунік- тер мен кәсіпкерлер қамауға алынды. Біздің клиенттер үшін жағдай өте қиын, үмітсіз болды.
ДАНИЯЛ Олар кінәлі болды ма?
ТАЙЫР Барлығы соған нұсқап тұрды. Алайда, біз, заңгер ретін- де, клиенттерімізге көмектесетін кез келген заңды құралдарды іздеуіміз керек. Сонымен, бір күні таңертең Кравцов екеуміз тергеу қызметкер- лерінің әрекеттеріне шағымданып, прокурормен кездесуге келдік. Бұл
шағым, шешуші болмаса да, клиенттерімізге көмектесе алады. Кездесу кезінде менің әріптесім кенеттен күту залының бұрышында тізерлеп отырып қағаздарды жайып жіберіп, бірдеңе жаза бастайды. Әрине, ол не істеп отыр деп қызығушылық таныттым. Ал, ол біз беретін арызды толығымен қайтадан жазып отыр екен.
ДАНИЯЛ Неге?
ТАЙЫР . ..Менің сұрақтарыма, түнде түс көрдім, оған сәйкес қорғаныс тактикасын толығымен қайта қарауымыз керек деп жауап берді.
ТАЙЫР Ал, Сіз аян беретін түстерге сенбейсіз бе?
ДАНИЯЛ Түс?
Затшай
дәлелд емелерд і mekcepi+jig
ХР
ДАНИЯЛ Сене бермеймін.
ТАЙЫР Сізге бір құпияны ашайын: менде сене бермеймін. Енді, сізге сұрақ И.Д.Менделеев өзінің химиялық элементтердің периодтық жүйесін түсінде көрді деген аңызға сенесіз бе?
ДАНИЯЛ Менің ойымша, ол бұл туралы жиі ойланған, шамалаған ал, сайып келгенде, кенеттен ойына келген. Ал бұл өңінде ме, түсінде ме оны енді психоаналитиктер анықтасын.
ТАЙЫР Заңгерлермен де, суретшілермен де, яғни өз жұмысына шығармашылықпен қарайтын кез келген кәсіпқойлармен де осылай бо- лып тұрады деп ойламайсыз ба?
ДАНИЯЛ Түсінемін. Сіз дәл осыны түйсік деп атайсыз ба?
ТАЙЫР- Иә. Нағыз маман өзінің ісі туралы тек тоғыздан алтыға дей- ін ғана емес, үнемі ойланады. Шешім де күтпеген жерден келуі мүмкін.
ДАНИЯЛ Дегемен, сіздікі дұрыс. Сонымен, түсіне не кіріпті? Ол клиенттеріңіздің пайдасына шешілетін қандай да бір жағдайларды іздеді емес пе?!
ТАЙЫР Оның ойына айғақты заттарды, яғни хаттама бойынша тәркіленген зергерлік бұйымдарды кейіннен сараптамаға жіберілген- дермен салыстыру келген.
ДАНИЯЛ Нәтижесінде?..
ТАЙЫР Сенсеңізде, сенбесеңізде бұл шындық, тәркілеу актісінде контрабандалық зергерлік бұйымдардың екі жүзден астам түрі сипат- талған болып шықты. Ал, сараптауға мүлдем басқа заттар ұсынылған!
ДАНИЯЛ Таң қарарлық жәйт!
ТАЙЫР Иә Бәрі де айқын, бірақ ойға симайды!
ДАНИЯЛ Мүмкін бұл тергеу механизмінің бір жерінде, біреудің сиқырлы таяқшасының көмегімен қолдан жасалған ғажайып шығар?