ДАНИЯЛ Яғни?..
ТАЙЫР Қастық ойлаушы адам қылмыс орнында қолғаппен жүрді, алайда, кетіп бара жатып, қолғаптың бір жұбын байқаусызда түсіріп алды делік. Ал, тінту кезінде, қамауға алынған адамнан бір жұбы та- былды сондықтан бұл қолғап негізгі дәлел бола алады.
ДАНИЯЛ Немесе сырғаның бір жұбы.
ТАЙЫР Бұл, негізінде, жәбірленушінің материалдық байлығының деңгейіне байланысты Жәбірленуші туралы әңгіме қозғаған екенбіз, онда оқиға болған жерді қараған бойда одан жауап алу керек. Одан жаз- баша мәлімдеме алу керек.
ДАНИЯЛ Ұрлық болғаны жайлы ма?
ТАЙЫР Әрине, қандай мүлік, қандай мөлшерде ұрланғандығы ту- ралы. Оның «жалпы» белгілері, яғни не ұрланды технология, зергер- лік бұйымдар, әле басқа да заттар ма?! Олардың әр түрлі сапалық және сандық белгілері туралы. Мүмкіндігінше, оның осы заттарды шынымен сатып алғанын және өтініште көрсеткен соманы шыныменде төлегенін растайтын биркалар, чектер. Бір сөзбен айтқанда, өзінің ұрлаған заттар- дың иесі екенін растайтын дәлелдер
СТОМАТОЛОГ ШПАКТЫҢ ПАЙДАСЫЗ ҮМІТІ
ДАНИЯЛ Бұл жерде бір сауалды қоймасқа амалым жоқ.
ТАЙЫР Мені қызықтыра түстіңіз!
ДАНИЯЛ «Иван Васильевич меняет профессию» комедиясын көр- ген боларсыз.
ТАЙЫР Әрине, сонымен қатар, аталмыш фильм қойылған М.А. Булгаковтың осы аттас пьесасын оқыдым. Сондықтан болар, не жай- лы сұрағыңыз келетінін болжамдап отырған сияқтымын. Ал, құлағым Сізде.
ДАНИЯЛ Әрине, Владимир Этуш керемет сомдап шыққан тіс дәрігері жайлы.
ТАЙЫР Алдымен күртесі мен магнитофоны ғана ұрланды деп мәлімдеген адам жайлы ма, содан кейін ол күртенің саны екіге, содан кейін үшке «көбейеді» және магнитофонмен де дәл осылай?..
ДАНИЯЛ Иә, әрине, осыдан мынадай сұрақ туындайды жәбірле- нушілер өздеріне келтірілген зиян мөлшерін асыра бағалайтын жағдай- лар болып жата ма?
ТАЙЫР Менің тәжірибемде жәбірленуші деп саналған адам, шын мәнінде, өзі ұры болып шыққан жағдай да болды. Өкінішке орай, тергеу біраз уақыт бойы соның жетегінде жүрді. Сондықтан, жәбірленушілердің мұндай әрекеттері тек комедияда ғана бола бермейді. Алайда, бұл жерде егер қылмыскер ұсталса және ұрланған мүлік табылса, кейінірек, қажетті процедуралар аяқталғаннан кейін, мүліктердің жәбірленушіге қайтары- латындығын ескеру қажет. Фильмге оралатын болсақ, егер үшеу емес, шынында, бір күрте ұрланған болса, онда біреуі ғана табылатынын айта кету керек.
ДАНИЯЛ Ал, егер қылмыскер тағы басқа біреулердің күртелерін ұрлаған болса ше?
ТАЙЫР Дәл осы үшін жәбірленушінің мәлімдемесі бірден «алына- ды», онда ол өзінің заттарының түрі мен өндірушісі сияқты жеке сипат- тамаларын немесе, қазіргі кездегідей, маркасын, мөлшерін, материалын, тозу дәрежесін, сатып алынған жылын көрсету керек. Мүмкіндігінше қандай-да бір құрал-жабдыққа, мысалы, компьютерге және басқа да тех- никалық жабдықтарға құжаттама ұсыну маңызды.
ДАНИЯЛ Сондықтан да, кейіннен оларды тауып, тану оңайға түседі!
ТАЙЫР Содан кейін тергеуші арызданушыға оның құқықтары мен міндеттерін түсіндіре отырып, жәбірленуші деп тану туралы қаулы шығарады. Егер мүліктік зиян келтірілсе, және, әдетте, осындай қылмы- стардың нәтижесінде мүліктік зиян сөзсіз келтірілсе, онда талап арыз да осы жәбірленушіден «алынады». Ол қылмыстық іс материалдарына қоса тіркеліп, жәбірленуші азаматтық талап қоюшы болып танылады. Осы сәттен бастап ол жәбірленуші екендігімен қатар тағы бір азаматтық мәртебеге ие болады. Ол енді сонымен бірге азаматтық талап қоюшы! Егер қылмыскерден ұрланған зат тәркіленсе, жәбірленуші сәйкестендіру үшін шақырылады. Оған заттарды тану ұсынылады
ДАНИЯЛ Сонда ол: «Ия, бұл менің ноутбугым, оны менен осын- дай күні ұрлап кетті!» деп мәлімдейді.
ТАЙЫР Шамамен солай. Ал егер жәбірленуші өзінің заттарын танып жатса, онда олар қауіпсіздік туралы түбіртекке қол қойғызылып, қайтарылады немесе сот заттай дәлелдемелер бойынша кейіннен шешім қабылдауы үшін қылмыстық іс материалдарында қалдырылады.
ДАНИЯЛ Яғни, жәбірленушінің сөзіне ешкім бірден сенбейді ме?
ТАЙЫР Осы санаттағы істер бойынша сотта қылмыстық іспен бірге азаматтық талап қоса қаралады. Сот үкім шығарумен бірге талапты қанағаттандыру немесе қараусыз, не қанағаттандырусыз қалдыру туралы шешім қабылдайды .
ДАНИЯЛ Яғни, тіпті кинематографиялық алаяқ Джордж Милославский ұсталса, тіс дәрігері Шпак оның мойнына қосымша күртелер мен магнитофондарды «іліп қоюы» мүмкін емес пе?..
ТАЙЫР Бәрі де мүмкін Алайда, ол өзі заң бұзушы қатарына қосылуы мүмкін, сондықтан жәбірленуші өзіне келтірілген материалдық залалдың мөлшерін асыра бағалау алдында жүз рет ойлануы керек.
ДАНИЯЛ Егер мүлік сақтандырылса және бүлінсе ше? Немесе ол мүлдем ұрланбаған, бірақ жәбірленуші оны ұрланды деп қоса айтса ше?
ТАЙЫР Егер бұл жағдайда сақтандыру компаниялары «араласса», онда Шпакқа мүмкін, мүлдем ештеңе болмайды. Олар «күртелер мен магнитофондар» сияқты, тіпті одан да құнды заттарды төлеуге мүдделі емес.
БЕЛГІСІЗДІ ТАБУ
ТАЙЫР Қылмыскерлерді анықтау әдістеріне қайта оралайық. Күәгерлер жайлы айтып өттім, егер, әрине, олар болып жатса. Олардан жауап алынуы керек, сонымен бірге мүмкіндігінше дәлірек айғақтар. Айталық, біреу қылмыс болған кіреберістің жанында бір топ жастарды көрді. Олар сөмкелерімен шығып, мынандай түсті көлікке мінді делік. Егер, күәгерлер көліктің нөмірін естерінде сақтап қалса тіпті жақсы.
ДАНИЯЛ Сонымен қоса, қылмыскерлер өздерінің құжаттарын түсіріп алулары мүмкін
ТАЙЫР Әзіл әзілмен, бірақ мұндай қателіктер де орын алып тұра- ды. Өкінішке орай, қылмыстың куәгерлері әрдайым бола бермейді.
ДАНИЯЛ Қазіргі уақытта бақылау камералары көптеген жерлерде орналасқан.
ТАЙЫР Бұл жерде де өз қиындықтары бар. Ешкімнің себепсіз бейнелерді алуға және көруге құқығы жоқ, детективті сериалдағыдай бәрі оңай емес. Бейне жазбаларды алу үшін, осы камералардың иесіне жүгіну керек.
ДАНИЯЛ Олай әрекет жасамаған жағдайда, қорғаушы кейіннен бұл жазбаларға қарсы бола алады ма?
ТАЙЫР Әрине.
ДАНИЯЛ Сонымен қатар, телехикаяларда тергеу әдетте қылмы- скерді ұстау мақсатындағы қуғыннан кейін аяқталып жатады.
ТАЙЫР Өкінішке орай, өмірде бәрі қарапайымдау. Осы қылмысты жасауға қатысқан адамдар және олардың орналасқан жері анықталған- нан, ал тергеушілерде осы қылмыстарды осы адамдар жасағандығы туралы нақты дәлелдер болғаннан кейін, барлық тиісті рәсімдер орын- далуы қажет.
Яғни, осы адамды ұстау туралы хаттама рәсімдеу, жеке тінту жүр- гізу, қалтасынан оның қатысы бар екенін дәлелдейтін заттай айғақтар алу, сондай-ақ бәріне мұқият хаттама жазу. Айталық, адам терезеден шығып бара жатып, сынған әйнекке бір жерін кесіп алды. Әйнекте қан іздері қалды, ал күдіктінің алақанында, шынтағында немесе бір жерінде кесілген жарақаттың ізі бар. Әрине, бұл жерде Сізге қан үлгілері мен әйнек сынықтарының сынамаларын алып, оларды зерттеуге жіберу керек саусақ іздері, биологиялық, химиялық және т.б
ДАНИЯЛ Яғни, менің түсінуімше, тергеуші, былайша айтқанда, жалқаулыққа салынып істің басынан бастап «бәрі түсінікті» деп күтпеуі керек
ТАЙЫР Әрине, ол келешекте судьяның барлық тергеу әрекет- терінің толық заңдылығына және сәйкесінше сотталушының кінәсіне күмәнданбайтындығына бірден көз жеткізуге міндетті. Алдында кез кел- ген ұсақ затты өзінің клиентінің мүддесі үшін пайдалану міндеті тұрған қорғаушы мәні жағынан да, формасы жағынан да ешнәрсеге мін таға алмауы үшін Яғни, дилетанттар қарапайым іс деп ойлайтын, ұрлық жағдайларында да көптеген нюанстар бар екенін көруге болады.