Тайыр Күзекұлы Назханов - Адвокатпен сұхбат стр 2.

Шрифт
Фон

Журналист, оны Даниял деп атайық, менің сұхбаттасушымның бей- несі ретінде кітапқа енуге сыпайы түрде өз келісімін берді. Дәрістерім мен жазушылық күш-жігерімнің кішігірім жемісі оқырмандарға қы- зықты, әрі пайдалы болады деп шын жүректен үміттенемін.

Сонымен қоса айта кетерім, бұл кітап көптеген адамдардың көме- гінсіз, кеңестері мен қолдауынсыз ешқашан жарық көрмес еді. Ең ал- дымен, менің заңгер болып қалыптасуымның барлық жылдарында жа- нымда болған жұбайым Ғалияға шын жүректен алғысымды білдіргім келеді. Мәтіннің әдеби өңдеуі және журналист бейнесінің идеясы үшін, Борис Стадничукқа ерекше ризашылығымды білдіремін, онсыз бұл кітап құрғақ және қызықсыз болып шығар еді. Сонымен қатар, ғылыми шолушы Рехсон Светлана Николаевнаға шын жүректен алғыс айтқым келеді. Әрине, сонымен қатар, осы кітапты басып шығаруыма көмекте- скен Досым Сәтпаевқа үлкен рахмет.

Тайыр Назханов

ПІКІР

Адвокат Тайыр Назхановтың кітабынан алған әсерім туралы бір- неше сөз жазу мүмкіндігіне ие болғаныма қуаныштымын. Бұл кітап, алғашқы бетінен бастап, барша құқықтық процес әлеміне терең үңіл- гендердің қызығушылығын тудыратыны сөзсіз.

«Адвокатпен сұхбат» кітабының мазмұны біздің қоғам үшін өте маңызды болып табылатын жас ұрпақтың құқықтық санасы мен құқықтық тәрбиесі мәселесін қозғайды. Тиімді құралдардың бірі прак- тик-заңгерлермен тікелей диалог, бұл құқықтық білімді алуға ғана емес, сонымен қатар оларды қолдану дағдылары мен икемділікті қалыптасты- руға ықпал етеді. Дәл сол жас, өте ізденімпаз журналистпен сұхбат не- гізінде осы туындының негізгі кенептері құрылды. Сұрақтар мен жауап- тар арқылы автор қылмыстық процестің процессуалдық негіздерін, оның эволюциясы мен қазақстандық іс жүргізу құқығының қазіргі жағдайын ашып айтады. Сотқа дейінгі тергеудің құқық қолдану практикасының «тұзақтары», оның ішінде жасырын тергеу жүргізу жүйесі және осы тұзақтардан шындықты шығару ісіндегі адвокаттық жұмыстың қиын- дықтары қолжетімді түрде баяндалған.

Сот процесінде арнайы білімді пайдалану арқылы мамандар мен сарапшыларды дәлелдеу үдерісіне тарту, олардың қызметінің ерекшелік- тері мен процесске қатысудың қазіргі проблемалары оқырмандарды қы- зықтыратыны сөзсіз.

Кітаптың материалы кез келген оқырман үшін оңай, қолжетімді және түсінікті түрде қабылданады, өйткені негізгі құқықтық білімдер практикасынан қызықты мысалдармен бекітіліп, автормен бірге логи- калық ойлауға және материалды бағалауға мәжбүрлейді.

Қолданыстағы заңнаманы қолданудағы практикалық қиындықтарға қарамастан, бүкіл туындының лейтмотиві құқыққа деген құрмет пен қазақстандық сот төрелігінің адамгершілігі мен әділдігіне деген терең сенімге тәрбиелеу болып табылады.

Авторға деген шексіз құрмет пен оның туындысы үшін ризашылық білдіруші,

С.Н. Рехсон, заң ғылымдарының кандидаты, Алматы қаласының «Тұран» университетінің «Құқықтану және халықаралық құқық» кафедрасының доценті

БІРІНШІ ТОМ

«АДВОКАТТЫҢ ХИКАЯЛАРЫ»

«ОЛАРДА» ЖӘНЕ «БІЗДЕ». ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСС:БҰРЫшТЫҢ ҚАТЫСЫ ЖОҚ!

Даниял бірден балалар ертегілерінде немесе басқа әдеби шығарма- лардан бізге белгілі «оңға барсаң басыңды жоғалтасың», «басыңмен жауап бересің» және т.б. сияқты сөздерді есіне түсірді. Осылайша, біз «этимологиялық» тұжырым жасадық, қылмыс дегеніміз орта ғасыр- ларда дәлме-дәл мағынада «баспен жауап беруге» тура келген әрекет, ал қылмыстық процесс дәл кімді «басынан айыруға» болатынын, не болмайтынын анықтап отырған. Бұл бейнелі емес, сөздің тура мағы- насында айтылған және көптеген елдерде осы жақын уақытқа дейін қолданылған жаза. Мысалы, Францияда осы мақсаттарда қолданы- латын арнайы құрылғы-гильотина бірнеше ондаған жыл бұрын ғана қолданылған.

Біз адамгершілікке толы уақытта өмір сүріп жатқанымызға қуанып, бірлесе отырып, орыс тіліндегі «уголовный» термині ағылшын тілінде- гі criminal (crime қылмыс), ал неміс тіліндегі Strafe (жаза) терминіне сәйкес келетінін еске түсірдік.Тиісінше, қазақ тіліндегі «қылмыстық» термині «қылмыс» деген сөзден шыққан. Жалпы, біз қай тілді, қай елді алып қарасақ та, қылмыстық процесс өз алдына барлық жерде бірдей мақсат қояды және бірдей функцияға ие ол қылмысқа қарсы күрес.

Осы жерде Даниял маған негізгі сұрағын қойды, оның жауабы бұл бүкіл осы кітаптың мазмұны. «Негізінде, қылмыспен Геракл, Робин Гуд, тіпті біздің Алдар Көсе немесе орыс эпостарының кейіпкері Илья Муромец сияқты мифологиялық және әдеби кейіпкерлер күреседі ғой»,  деді ол. Алдар Көсе арам және алдамшы байларды жазалайды, ал Илья Бұлбұл-қарақшыны ұстайды. Егер де, жаңа буын кейіпкер- лерін алып қараңыз, онда барлық «супермендер» мен «өрмекшілер», «Америка капитандары» және «мысық әйелдер» қылмыспен күресуде. Сонымен, олардың қызметін «қылмыстық процесс» немесе, кем деген- де, «қылмыстық қудалау» деп атауға бола ма?

Ваша оценка очень важна

0
Шрифт
Фон

Помогите Вашим друзьям узнать о библиотеке

Скачать книгу

Если нет возможности читать онлайн, скачайте книгу файлом для электронной книжки и читайте офлайн.

fb2.zip txt txt.zip rtf.zip a4.pdf a6.pdf mobi.prc epub ios.epub fb3

Популярные книги автора