Осы жерде Даниял маған негізгі сұрағын қойды, оның жауабы бұл бүкіл осы кітаптың мазмұны. «Негізінде, қылмыспен Геракл, Робин Гуд, тіпті біздің Алдар Көсе немесе орыс эпостарының кейіпкері Илья Муромец сияқты мифологиялық және әдеби кейіпкерлер күреседі ғой», деді ол. Алдар Көсе арам және алдамшы байларды жазалайды, ал Илья Бұлбұл-қарақшыны ұстайды. Егер де, жаңа буын кейіпкер- лерін алып қараңыз, онда барлық «супермендер» мен «өрмекшілер», «Америка капитандары» және «мысық әйелдер» қылмыспен күресуде. Сонымен, олардың қызметін «қылмыстық процесс» немесе, кем деген- де, «қылмыстық қудалау» деп атауға бола ма?
«Ешқандай жағдайда!» дедім мен. «Өткен және қазіргі за- манғы ертегілердің барлық кейіпкерлерінің істері, іс жүзінде, бұл тек тергеусіз сот пен озбырлықтан басқа ештеңе емес»! Алда, біздің диалогтарымызда, түсінікті болу үшін, өзімді жәй Тайыр, ал менің сұх- баттасушымды Даниял деп атайтын боламын.
ДАНИЯЛ «Бірақ олар әділеттілік үшін күресіп, қылмыскерлерді жазалайды ғой»!
ТАЙЫР Өткен ғасырларда бұл эпостар мен ертегілердің тыңда- ушылары мен оқырмандарына ұнаса, ал бүгінде кино көрермендеріне ұнайды. Келісемін. Алайда, бәрін жете түсініп алайық. Міне, даңқты батыр Илья келе жатып, ағашта отырған Бұлбұл-қарақшыны көреді. Со- нымен, ол не істейді?
ДАНИЯЛ Ол оны әділ жекпе-жекте жеңіп, қапқа салып, Киевке апарады, онда оның басын шабады. Қылмыстық жазадан несі кем?
БҰЛБҰЛ, БҰЛБҰЛ, БҰЛБҰЛ ҚҰС
ТАЙЫР Мына екі мысалды қарастырып көрейік Илья Муромец және Алдар Көсе, алайда, ертегі емес, қазіргі заманғы құқықтық тұжы- рымдамалар тұрғысынан қарастырайық.
ДАНИЯЛ Келісемін, бәрі мифологиялық шындықта емес, біздің заманымызда және біздің уақытымызда болып жатыр деп көрейік.
ТАЙЫР Біріншіден, Ильяға Бұлбұлға шабуыл жасауға, оны қама- уға алуға, еркіне қарсы бір жерге сүйреп апаруға кім рұқсат берді? Ал, одан кейін оны жазалап, өлтіруге кім рұқсат берді?
ДАНИЯЛ Алайда, ол нағыз қарақшы емес пе? Қаншама жанды құрбан етті.
ТАЙЫР Оны кім дәлелдеді? Дәлелдер қайда, айғақтар ше? Ысқы- рды ма? Бірақ ысқыру, тіпті ең қатты және жағымсыз болса да, бұл қыл- мыс емес. Ары кетсе, қоғамдық тәртіпті бұзуға жатады.
ДАНИЯЛ Бірақ, сол жерде, оның ағашының айналасында адамның сүйектері шашылып жатты, ал жол болса қаңырап, арамшөптер басып кеткен және де ол Ильяны қорқытты емес пе?
ТАЙЫР Ол кімнің сөзінен белгілі болды? Ильяның сөзінен бе? Қисынсыз қарама-қайшылық туралы айтпай-ақ қояйын жолды арамшөп басып кеткен, демек, оның бойымен ұзақ уақыт ешкім жүрмеген және ол жерде Бұлбұл тонайтындай ешкім болмаған. Және, оны тек сот қана кінәлі деп тани алады, ал, ол сот болмады. Сондықтан, Бұлбұлдың өзі қазіргі заманғы тұжырымдамаларға сәйкес, мәжбүрлі түрмеге қамау, жала жабу және тағы басқа оншақты қылмыс үшін сотқа Ильяның үсті- нен шағым түсіре алатын еді. Ал, осының барлығын Ильяның өзі ойлап тапқан жоқ па?
ДАНИЯЛ Жақсы адвокатпен ол Ильяны түрмеге қаматып, тіпті одан өтемақы талап ете алар ма еді гривнамен немесе карбованецпен? Сонда, Илья өзінің заңсыз әрекеттерін жасыру үшін Бұлбұлды өлтірді ме? Мұныңыз жақсы шықты. Ал, Алдар Көсе ше?
ТАЙЫР Өкінішке орай, қылмыстық заң тұрғысынан Алдар Көсенікі де дұрыс емес. Ия, ол алаяқтарды жазалайды, алайда, заңды жолмен бе? Оның өзі де оларды тонау үшін алаяқтық схемаларын жүзеге асырды! Сондықтан да, ертегі логикасын қазіргі таңда іске асырудың қажеті жоқ!
ДАНИЯЛ Сонда Сіз әділдік үшін күресудің қажеті жоқ деп ай- тқыңыз келе ме?!
ТАЙЫР Әрине, күресу керек! Оның үстіне бұл күреске бәріміздің атсалысуымыз керек. Бірақ, әр адамның әділеттілік туралы өз пікірі бар және ол басқалардың түсінігінен өзгеше болуы мүмкін болғандықтан, мұндай күрес үшін нақты ережелер жасау қажет. Әйтпесе, заңды анархия билік ететін болады.
ДАНИЯЛ Бір сөзбен айтқанда, шектен шыққандық, бассыздық?
ТАЙЫР Иә, мәселенің мән-жайын жақсы білдіретін осындай термин бар Менің ойымша, сіз айтқандай, «бассыздықты» болдырмау үшін, заңды терминологиялар пайда болды және оның көмегімен әділет- тілік үшін күрестің барлық қатаң ережелері айтылды.
ДАНИЯЛ Менің болжауым бойымша, бұл заңдар қазірдің өзінде жазылып қойған.
ТАЙЫР Әрбір елдің қылмыстық іс жүргізу заңында. Өйткені, қыл- мыстық іс жүргізу мемлекет пайда болғаннан бері бар.
ДАНИЯЛ Бұрын ешқандай қылмыс болған жоқ деп ойлауға бола- тын шығар?